Күрең шай – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Күрең шай» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 7269
Жеңеше,
Шәйіңді әкел қаймақтаған,
Күрең шәйдан ұрттасам
Қайраттанам.
Шілдеде де шөліңді қандыратын,
Бәрінен де сол шәйің әйбат маған.
Жеңеше,
Шәйіңді әкел қаймақтаған,
Біз бе екенбіз мал ұстап,
Қой бақпаған.
Қойдың сүті қосылған қою шай ғой,
Қасіретті де бір сәтке ойлатпаған.
Жеңеше,
Шәйіңді әкел қаймақтаған,
Бетінде дөңгеленген сайғақ далам.
Сияқты бір түсі де
Әдемі екен —
Қызыл нұр, қыз жүзінде
Ойнап қалған.
Келгенде —
Шаршап-талып, малын бағып,
Кең жазира ыстықтан
Сағымданып.
Құрт шетінен бір тістеп ішкен
Шәй ғой,
Қала-тұғын бір сәтке жаныңды алып.
Жеңеше,
Шәйіңді әкел қаймақтаған,
Күрең шәйдан ұрттасам
Қайраттанам.
Шілдеде де шөліңді қандыратын,
Бәрінен де —
Сол шәйың әйбат маған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күрең шай өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Күрең шай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күрең шай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күрең шай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері