Сүлейман Стальскийге

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 19.08.2018
  • 0
  • 2
  • 5644
(Пушкинге)

Орыстың өлеңінің ақын көркі,
Алмастай мың құбылған меруертті.
Дүниеге асыл сөзден төктің маржан,
Жарқырап тар заманда-ақ шықтың еркін,
Патшаның қорқау бастық жендеттерін,
Сен көрдің, таныдың сен таулы жерін,
Қарысқан қан майданда қылыш тимей,
Қолынан қанды жендет жанды бердің.
Не керек өмір саған, өзің тірі,
Алтындай жарқырайды жайнап гүлі,
Жүз жыл болды, қара жер сені алғалы.
Сен дүние ақынысың осы күні.
Қуанып көзі жайнап, мейірі қанып,
Башқұрт, түркпен, белорус, қазақ танып,
Оқиды жазғаныңды, шаттанады,
Сөзіңнің бір де бірі өлмеуі анық.
Сен Пушкин, қалың жұрттың туысқаны,
Сен біздің бұл ғасырдың өлең, әні.
Өлеңің жаңа атқан таң, жайнаған гүл,
Жұпары, інжу-маржан, өмір сәні.
Бұл күнде біздің өмір жайнаған гүл,
Құлпырып барған сайын төгеді түр.
Ән шырқап, бізбен бірге қуан, шаттан,
Мәңгі өлмес, асыл сөзді асқан бұлбұл.


Пікірлер (2)

Ерасыл

Овла

Нур

Бұл Жамбыл Жабаевтың «Сүлейман Стальскийге» деген өлеңі терең ойлы философиялық мазмұнға толы. Ақын өз өлеңінде Сүлейман Стальскийдің шығармашылық жолын, орыс әдебиеті мен поэзиясының көркемдік сұлулығын жоғары бағалай отырып, сөз өнерінің мәдени байланысын әдемі көркем тілмен ашады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүлейман Стальскийге өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Сүлейман Стальскийге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сүлейман Стальскийге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүлейман Стальскийге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері