Майданға хат

Бұл бетте «Майданға хат» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.08.2018
  • 0
  • 1
  • 13343
Хаттарыңды алдым, балалар,
Қарадым қанша үңіліп,
Қаһарман іске барабар,
Қайраттар қаулап тұр күліп.
Жауынгер балам, Дүйсекей,
Командир балам Сахаров,
Сөздерің күшті бірегей,
Соққандай жауды жапырып.
Қыйратып жауды салуға
Ұлдарым менің, қам қылған, —
Хабарлап соны Жамбылға,
Хаттарың мейір қандырған:
«Құртамыз жауды! — депсіңдер, —
Алынар ұпай, одан кек!
Күтеміз Жәке, жыр жібер,
Береді бізге ол көмек!»
Кәріліктің көнбей ырқына,
Жырлаймын жазғы жырды әлі,
Болысам жауды құртуға,
Қаһарман жұрттың ұлдары.


Пікірлер (1)

Күнтуған Аружан

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Майданға хат өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Майданға хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Майданға хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Майданға хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері