Ізде мені – Айша Балтахаева

Бұл бетте «Ізде мені» атты Айша Балтахаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2557
Ізде мені...
Өшкелі тұрған шамның пілтесінен,
Түскелі тұрған гүлдің күлтесінен,
Ойлардың астарынан, тіркесінен...

Құра мені...
Шашылған моншақтайын сезімдерден,
Жалғанбас сынықтардан, төзімдерден,
Мазасыз сан түндерден көз ілмеген.

Аңса мені...
Арадай аңсап ұшқан гүл шырынын,
Татсам деп нәрлі балын бүршігінің,
Аңсашы... қадірімді білші, күнім.

Сақта мені...
Шаң басқан сөредегі хат болайын,
Сезімді шаң бората ақтарайын,
Мың қайтара оқышы... жатталайын.

Сезін мені...
Самалмен сипағанда шаштарыңнан,
Шабыттың көз ілеспес асқарынан,
Сезін мені сәттерден, қас қағымнан.

Ойла мені...
Төлеген ойлағандай Қыз Жібегін,
Сары бақ ойлағандай күзгі лебін,
Ойыңменен ерісін мұз жүрегім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ізде мені өлеңінің авторы кім?

Айша Балтахаева — осы өлеңнің авторы.

Ізде мені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ізде мені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айша Балтахаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ізде мені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері