Шағанның жағасында

Бұл бетте «Шағанның жағасында» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2018
  • 0
  • 1
  • 3015
Ертеңгі сыйды кім білген,
Бір күнін, артық бір күннен.
Көрмеген Шаған, мінекей,
Жағаңа келіп тұрмын мен.
Салыпсың өрнек нақыштап,
Адаммен адам қатыспақ.
Осылай қарай жүрерде,
Сәлем де деген Ақұштап.
Өрілді өзің дегенде ой,
Төмендей көрме, төмендей.
Сызылып ағып жатырсың,
Ақын қыз жазған өлеңдей.
Айдынға нұрын шашыпты ай.
Толқисың үнсіз ғашықтай.
Адамдар өтер асығып,
Ағарсың өзің асықпай.
Шымырлай аққан Шағансың,
Қандай жан саған тағар сын?
Ұрпақтар өтер ауысып,
Айнымай өзің ағарсың.
Қандай боп келер сол кезең,
Керім ең неткен, кербез ең.
Аға бер, Шаған асықпай,
Керек қой елге, жерге өзен.
Түсіне бермес оны әркім,
Тұнығындайсың жанардың.
Таланттар берген тамаша,
Суы да ерке Оралдың.
Кейін бе, әлде ерте ме,
Қажетсің туған өлкеге.
Өлшеулі өмір — жағада...
Еркеле, Шаған, еркеле!


Пікірлер (1)

Нұрлан

Өлең өте әдемі әрі лирикалық шыққан, Күләш Ахметованың қолына лайық! ✨
Ерекше ұнағаны:

Шаған өзенін адамдай, ғашықтай, ерке қыздай суреттеу – табиғат пен сезімнің керемет үйлесімі,
«Сызылып ағып жатырсың, Ақын қыз жазған өлеңдей» деген жол – жүрекке жылы тиеді,
Өзеннің мәңгі ағуы, ұрпақтар ауысып өтерде де өзгермейтіні – терең философиялық ой,
Соңғы шумақтағы «Еркеле, Шаған, еркеле!» – нағыз махаббат пен қамқорлық батасы сияқты.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шағанның жағасында өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Шағанның жағасында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шағанның жағасында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шағанның жағасында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері