Апорт – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Апорт» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3038
Тыныштықтың құлаққа кеп тұр үні,
Кешіреді бағбан сендей ұрыны.
Күзгі бақта алма көрсең, үзіп ал,
Таңдайыңда қалар тәтті шырыны.
Ай осылай дөңгеленер толғанда,
Күн қызарар батар кезі болғанда.
Иісі қандай күзгі қызыл апорттың,
Шырын нәрін көп сақтайды соңғы алма?
Күн жып-жылы.
Бәйтеректер тік те ұзын.
Өткен уақыт түсірмепті тіпті зіл.
Сап-сары бақ.
Көгілдір тау, Көк аспан.
Соңғы алма мен еңкейген Күн қып-қызыл!
* * *
Көктем көктем болған соң тез өтеді,
Өткеннен соң оны адам сөз етеді.
Әр көктемде дән сеуіп, ағаш егіп,
Адал еңбек еткенге не жетеді?!
Жаз келеді, жаз да рас, тез өтеді,
Өткеннен соң адамдар сөз етеді.
Жарқын жаздың хош иісті бақтары бар,
Аралауға бақтарды не жетеді?!
Күз дейсің бе ол-дағы тез өтеді,
Өткеннен соң адамдар сөз етеді.
Күз болған соң мәуесі, жемісі бар,
Жеміс жинап алғанға не жетеді?!
Қыстың күні қысса да тез өтеді,
Өткеннен соң адамдар сөз етеді.
Аппақ қардың үстінде аман-есен
Жерді басып жүргенге не жетеді?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апорт өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Апорт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апорт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апорт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері