Қала экологиясы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 31.08.2018
  • 0
  • 0
  • 8051
Өзгерісті байқармыз талай әлі,
Басы болған нәрсенің бар аяғы.
Түнде жауған аппақ қар
Алматыда
Түске дейін түтінмен қараяды.
Сұрқы түнде үйлердің сұр балшықтай,
Әйнектері жылтырап тұрған шықтай.
Ақ көйлегін күйеудің күнде жуып,
Ақ жем болды қос қолым судан шықпай.
Болу қиын қалада шын ханшайым,
Қанып ішпей газдағы құмған шайын.
Газ бен бензин иісінен безер болам,
Терезенің пердесін жуған сайын.
Жыртқан сайын календарь парақтарын,
Жұқарғандай жүйке мен тағат тағы.
Асфальт жапқан аулаға қарап тұрам,
Пәтерімнен бесінші қабаттағы.
Табиғатпен кете алмай мол ұғысып,
Сұлулықпен суреттен жолығысып...
Құс секілді құс та жоқ,
жетім торғай
Балкондарда жүреді қонып-ұшып.
Жетім торғай жабығып ұшар одан.
Түк бітірмей шаршайды түс ауа адам.
Күннің көзі кірбиіп көрінеді,
Газ бен түтін кірлеткен ыс ауадан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қала экологиясы өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Қала экологиясы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қала экологиясы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қала экологиясы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері