Алаң – теңіз, адам – толқын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2301
Қызыл алаң!
Тас көше түзу кеткен,
Қызыл нұр қыз жүзінде сызылды еппен
Жұлдызы Кремльдің жарқыраса,
Москва құшағына қызу жеткен.
Тынбайды жұрт ағылып текше жерде,
Есеп жоқ тықылдаған өкшелерде.
Алаулап бара жатыр алуан жүздер,
Жарасып еркелігі өскен елге.
Шырағы Кремльдің жағылғанда,
Құбылар ұқсап меруерт,
Лағылдарға.
Қарашы,
Адам - теңіз,
Адам — толқын,
Ерсілі-қарсылы боп ағылғанда.
Әкелсе мұнда бастап түзу көше,
Шомылар шұғылаға жүзің неше.
Шып толған бейбіт күннің шуағына
Секілді Қызыл алаң –
Қызыл кесе.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаң – теңіз, адам – толқын өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Алаң – теңіз, адам – толқын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Алаң – теңіз, адам – толқын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаң – теңіз, адам – толқын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері