Ақан сері
- 0
- 0
Беу, аңыз! Ертегіден негізің бар,
Бертінде қосқан оған егізің бар.
Көргеннен, естігеннен жазайын жыр,
Әрине, біреу ұқпас, біреу ұғар.
Бұл бетте «Азаттықты аңсаған» атты ramazaninabat2025 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Талпынып он бестегі айға көңіл,
Ән еді Ақан салған «Майда қоңыр».
Сыр шертіп, ғасыр жасап келе жатыр,
Қалайша сақтады екен байтақ өңір?!
Сұраймын бір домбыра Сізден жаңа,
Уантар, тартқан кезде көңілім нала.
Үйренбес әсте өнер жоқ мен ашынсам,
Күйден де күдерімді үзбен, аға!
Махаббат егіз екен, қалдым жалғыз,
Боздаймын жапан түзге шығып аңдыз.
Орнына жеңге селеу біткен шеңгел –
Тартады етегімнен бейне балдыз.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі