Махаббат әні – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Махаббат әні» атты Тәкен Әлімқұлов жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1453
Махаббат егіз екен, қалдым жалғыз,
Боздаймын жапан түзге шығып аңдыз.
Орнына жеңге селеу біткен шеңгел –
Тартады етегімнен бейне балдыз.
Жастың шақ қандай сұлу елестедің,
Сен неге жастық шақта теңеспедің.
Өмірдің асқарына шыға алмадым,
Адасып арасында белестердің.
Жеткізбей жер соқтырған жас дәуренді
Іздеймін адастырмас әнмен енді.
Таппадым жас дәуреннен өзіме тең,
Қосса да мосқал жеңге маған теңді!
Қайырмасы:
Өттің дәурен,
Кеттің, сәулем,
Жете алмаған –
Мен бір әурең!
әри-дай, әри-дай, әри-дай-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері