Қар жауды – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Қар жауды» атты Қасымхан Бегманов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 898
Қар жауды
кеше қыламықтанып,
Қонақтап жатты дөңгелеп.
Ашылмай жүрген сыр анықталып,
Лаулады қайта сөнген от.
Ақтоқты ару
арманым едiң,
Тағдырдың жолы шырғалаң.
Он жетi жаста толғанып елiм,
Сол қызды алғаш жырлағам.
Дүрия көйлек
жарасып саған,
Шаттана сол кеш билеп ең.
Ұрлана қыздар қарасып маған,
Қарасып саған... сүйген ем.
Мейiз тiлiңнiң
жұтқан ем балын,
Жып-жылы түнде мас болып.
Мәңгiлiк серiк тұтқан ем, жаным,
Жанардан ақтың жас болып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері