Бұйығылау боп өстiм де – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Бұйығылау боп өстiм де» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 661
Бұйығылау боп өстiм де,
Көкiректе арман сызаттап.
Сезбейтiн сiрә ешкiмде,
Мен сүйген қызын көршi ауыл,
Той жасап ертең ұзатпақ.
Көкбаразданған бойыңа,
Не теңеу айтсам рауа.
Жадау көңiлмен тойыңа,
Алшайысу батып жаныма,
Боз атпен келдiм күн ауа.
Күтетiн әкең «шынжырлап»,
Жанынан шықпай бiр адым,
Сағалдырығың сылдырлап,
Дәмелi жұрттан сытылып,
Бөдес қылаңмен ұзадың.
Күйеуден бозым үстем ет,
Жiгiтке сын ба, қалған сын,
Ернiңнен үнсiз тiстелеп,
Үстiңнен төнiп сүйгенде,
Жағымнан тартып қалғансың.
Ал сонда кiмдi қаусаттың,
Қаусырды қазiр күз менi.
Жағыма тиген саусақтың,
Жүзiмде емес, жаным-ау,
Жүректе қалды iздерi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері