Кертолғау – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Кертолғау» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 2809
Күй шықпас көкейіңнен еркін келмей,
«Кертолғау» кері қарай шертілгендей.
Шарасыз шымырлайды тұла бойың,
Тас жүрек қорғасын боп ертілгендей.
«Кертолғау» құдды аруана аңыраған,
Ыңдыны сағыныштан қаңыраған.
Шабысқан сан дыбыстың сәулесі бар
Жұлдыздай қара түнде жамыраған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері