Майда қоңыр – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Майда қоңыр» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1562
Талпынып он бестегі айға көңіл,
Ән еді Ақан салған «Майда қоңыр».
Сыр шертіп, ғасыр жасап келе жатыр,
Қалайша сақтады екен байтақ өңір?!
Еседі қоңыр желдей «Майда қоңыр»,
Желпінер ән тыңдамас жайда көңіл.
Уанбас қам көңіл жоқ сиқыр әннен,
Налалы ән ежелден-ақ дертке жеңіл.
Найқалған түздің жалғыз шынарындай,
Егіздің жалқы қалған сыңарындай;
Ән қалды әнші қалмай дүниеде,
Сарғайған сары аурудың тұмарындай!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері