Армысың, ақындардың бас қаласы!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2532
Момын Каноатқа

Ешкімнің жоқ өзіңмен бәс-таласы,
Арнасы,
Аңыздардың бастамасы,
Тұратын күмбездері көкті тіреп,
Армысың, ақындардың бас қаласы!
Көп ойды ұялатып жаныма тың,
Жырыма арқау болды сенің атың.
Түбінде шыңыраудың шырақ жаққан
Бар ма екен
Рудакидей алып ақын.
Жетелеп жұлдыз-жырлар жолға сырлы,
Көзіммен көргендеймін сол ғасырды.
Шайырдың шайқалмаған шарабына
Кім білер менің де мас болмасымды.
Сай-сала самал соқса ырғалып бір,
Шың-құздар мұнартады,
Нұрланып қыр.
Ақын боп қалай ғана қалам тартам,
Дүние өздігінен жырланып тұр.
Жан біткен кәусарына қанығатын,
Даналық ойдан қалай жалығасың.
Құшақтап тұрған мынау жер мен көкті
Памирдің езі екен ғой алып ақын!
* * *
Өтетін қабақ түйіп дүлей күн көп,
Кейде оған таусыламын,
Жүдеймін кеп.
Бұлқынып,
Жер де кейде сілкінеді,
Жаңғырып,
Жасаңғырап,
Түлеймін деп.
Таң сүйіп,
Күнді құшқан арайлым деп,
Тауларға көз талдырып қараймын көп.
Тұрғандай тілек айтып,
Памир маған,
Саған бір ескерткішке жараймын деп.
Мен де оған еркелей кеп наз айтамын,
Бір мезгіл мұңымды да азайтамын.
Бауырында талай-талай тебірендім,
Атырып ақындықтың.
Арай таңын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Армысың, ақындардың бас қаласы! өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Армысың, ақындардың бас қаласы! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Армысың, ақындардың бас қаласы! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Армысың, ақындардың бас қаласы! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері