Жанымның жарасын ұғын – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Жанымның жарасын ұғын» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2600
Жанымның жарасын ұғын,
Тәнімнің санасы мығым.
Мазалап, жазалап болсаң,
Кел-дағы алдыма жығыл.
Сезімді сел болған сөндір,
Қапасты қара күн төндір.
Болмаса басымды қатырмай,
Мені де ажалға көндір.
Кетейін өмірден солай,
Жүргенше хақ іздеп бұлай.
Ендігі тірлікте қалған
Қоймаспын өзіңе ұнай.
Бітсін тез өмірмен айқас,
Болсын тез, садақа, бәйгі, ас.
Тағдырым – жалғызым менің,
Мәңгіге жаныма жайғас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанымның жарасын ұғын өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Жанымның жарасын ұғын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанымның жарасын ұғын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанымның жарасын ұғын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері