Күнәм болса, сүрлеген

Бұл бетте «Күнәм болса, сүрлеген» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1748
Күнәм болса, сүрлеген,
Кінәм болса білмеген,
Күнім болса сүрмеген,
Түнім болса кірлеген,
Құлдарына жақ құдай,
Кешіре гөр, ақ құдай!
Әнім болса басынған,
Сәнім болса шашылған,
Жаным болса ашылған,
Қаным болса тасынған,
Сабырына сақ құдай,
Кешіре гөр, ақ құдай!
Төзім болса төзбеген,
Сезім болса сезбеген,
Сөзім болса көздеген,
Кезім болса өздеген,
Көгімдегі бақ құдай,
Кешіре гөр, ақ құдай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күнәм болса, сүрлеген өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Күнәм болса, сүрлеген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күнәм болса, сүрлеген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күнәм болса, сүрлеген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері