Мен аңсаған көктемің – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Мен аңсаған көктемің» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 4135
Жанарыңды талдыратын —
алыстағы қырандар,
Жанымды алау жандыратын —
қайталанбас бір ән бар.
Ескен самал, аққан
судан сұраңдар,
Қос ішегін домбыраның
күмбірлете бұраңдар.
Сол бір сазды шертеді,
Тұлабойда шымырлаған
сан тараулар, тамырлар,
Толасы жоқ ағылатын
сол арнамен ағын бар.
Көңіл құсы – ау, бұлдыраңдар,
биіктікте ағыңдар,
Толықсыған торғын қырда
мұнарланған сағымдар,
Ол да менің сезімім.
Төгілетін, егілетін,
айтылатын жүрекпен,
Айдын көлдің шалқарындай
айлы түнде дір еткен,
Арбап мені жанарыңның
сиқыры мол сыры өпкен.
Өр кеудеңді балғын гүлмен
құлпырта бір түлеткен,
Мен аңсаған көктемің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері