Сырласу

Бұл бетте «Сырласу» атты Марфуға Айтқожина жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1979
Дауылды болды көктемдер,
Жауынды болды көктемдер.
Ақ талдар, мені сөкпеңдер,
Содан ба ерте ағардың.
Соқты бір ұдай ызғырық,
Жанымды аптап шыжғырып.
Маңдайға әжім сыздырып,
Содан ба ерте ағардың.
Алқына соғып қос өкпем,
Қарамай кейде дос өткен.
Жарым деп қара тас өпкем,
Содан ба ерте ағардың.
Жапырақтары сусылдап,
Шақырса да сыршыл бақ.
Қайрылған жоқ ем сыр тыңдап,
Содан ба ерте ағардың.
Анадан көрмей еркелік,
Жалғыздық төсін ерте еміп.
Жалынмен жаным өртеніп,
Содан ба ерте ағардың.
Түсіндім ерте мұң барын,
Мен білмес талай сыр барын.
Мен жетпес зәулім шың барын,
Содан ба ерте ағардың.
Тасқа да соқты бүл жүрек,
Тауға да соқты бүл жүрек.
Жыр іздеп гүлдей үлбірек,
Содан ба ерте ағардың.
Дауылды болды көктемдер,
Жауынды болды көктемдер.
Ақ таңдар, мені сөкпеңдер,
Содан ба ерте ағардың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сырласу өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Сырласу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сырласу өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сырласу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері