Күндер – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Күндер» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3554
Жақсы күндер, жайсаң күндер, шат күндер,
Ол да менен бір керегін таптым дер.
Табылмаса қарғыс айтып ақынға,
Айсыз түнде тұңғиыққа баттым дер.
Жақсы күндер, жайсаң күндер, шат күндер,
Менен безсең бауыр басар жат кімдер.
Сонда–дағы алауланып таң атып,
Сонда–дағы бұлбұл сайрап, бақ гүлдер.
Жақсы күндер, жайсаң күндер, шат күндер,
Зымыраған құстай қанат қақтым дер,
Қаға алмаса, серпе алмаса қанатын,
Жұлдызға ұсап жалт еттім де ақтым дер,
Жақсы күндер, жайсаң күндер, жазымсың,
Жастығымсың, ерке тұнық назымсың.
Төселші сен сапарыма жол болып,
Сәйгүліктей бауырым бір жазылсын...
Жақсы күндер, жайсаң күндер, шат күндер,
Ол да менен бір керегін таптым дер.
Таба алмаса қарғыс айтып ақынға,
Айсыз түңде тұңғиыққа баттым дер.
* * *
Сыбызғы ма, сызылта ма, сырнай ма,
Тауыса ма тағатынды ұрлай ма,
Қоңыр үннің ырғағынан жаныңа,
Тұрған жоқ па самал есіп бір майда.
Мүмкін бұл бір шертілмейтін сыр болар,
Мүмкін бұл бір жазылмайтын жыр болар,
Болса егер сағындырған бұлбұлым,
Гүлге тұнған бақшасына бір қонар.
Әлде бұл бір сыйы ма екен тағдырдың,
Тамшысы ма жазғы жұмсақ жаңбырдың.
Кім болсаң да жүрегіме өшпейтін
Майда үніңнен бір ескерткіш қалдырдың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күндер өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Күндер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күндер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күндер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері