Өлең, жыр, ақындар

Жамбыл ата жерінде

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1694
Жеріңе келіп тұрмын, Жамбыл ата,
Кеудемнен кербез көлге ән құлата.
Жасынды бер деп, сірә, тілемеймін,
Ақжолтай батаңды бер, даңғыл ата.
Сырым бар қырмызы гүл далам жапқан,
Арманым бар алдымда алаңдатқан.
Жалыным бар сөнбейтін жүрегімде,
Тұрса да күні-түні борандап маң.
Жырым бар балаусалау қатаймаған,
Отықпаған соны да, отаймаған.
Жүрісімде жоқ әлі тұлпар шабыс,
Тұяғынан шаң бүркіп атойлаған.
Жайым бар асқақ сөйлеп шалқымаған,
Көңіл қырын кей-кейде қалқып алам.
Бар болғаны қазақтың өз қызымын,
Қалыптасқан қашанғы қалпы маған.
Кеудемде дамылдатам дала көркін,
Дала боп тынысымды алам еркін.
Жарыл – дағы ағыңнан батаңды бер,
Шырағың дейтін болсаң жана берсін,
Өлең, сенің тербелем құшағыңда,
Бойымды алдырмай-ақ күш – ағынға.
Арман жоқ, ақын ата, егер де мен,
Қалғып кетсем жақсы жыр құшағында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жетісуым

  • 0
  • 1

Жетісуым, жерің таулы, далаң жаз,
Көлдерінде қиқулаған балаң қаз.
Көріктісі – ай, көкорайлы алқаптың,
Көрген сайын көңіл шалқып, болам мәз.

Толық

Жалын

  • 0
  • 0

Кетесің күнде ертемен,
Келесің ұдай кештетіп.
Жалыныңнан өртенем,
Жанарыңнан ес кетіп.

Толық

Түсім бе әлде...

  • 0
  • 0

Япыр-ау кеше емес пе,
Егіле сыр ашқаны,
Түсім бе, әлде елес пе,
Мөп-мөлдір дала аспаны.

Толық