Өлең, жыр, ақындар

Көңіл де бір жас орман

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2349
Көңіл деген бір жас орман сыңсиды,
Орман түні жайлап бірде тыншиды.
Дауыл, дауыл жапырағын жұлмалап,
Қытымыр қыс балтырынан шымшиды.
Көңіл өзі құлпырған бір қызғалдақ,
Кейде салқын салады оған күз қармақ.
Кейде көңіл тым бұлтарғыш ақ шабақ,
Ешкім оны ұстай алмас жүз қармап.
Сынық қанат көбелек қой көңілім,
(Түсі бөтен ала-құла көбінің),
Бірақ менің көңілімде жоқ алалық,
Бұлақтар бар жиекке атқан көбігін.
Түсін мейлі, мені дұрыс түсінбе,
Жоқ қой менің басқаларда ісім де.
Көңіл деген сусын емес бір жұтым,
Әркім оны дайын тұрған ішуге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жайық жағалаулары

  • 0
  • 0

Жайқалып жатыр, Жайықтың жасыл
жағалаулары,
Жалтылдап ұшқан, бұлттарды құшқан
шағала–ау бәрі.

Толық

Таңбалы

  • 0
  • 0

Қарайтын кірпік ілмей таңға мынау,
Тұрсың ба аман-есен,
Таңбалым-ау!
Тасынан елік тайған,

Толық

Серпілу

  • 0
  • 0

Мен жүрмін Алатаудың құшағында,
Қаласам,
Қияндарға ұшамын да.
Қаласам,

Толық