Бұл бетте «Тәуірбек болысқа» атты Әріп Тәңірбергенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ассалаумағалейкүм, Тәуірбегім!
Мақтауға арғы атанды ауыр келдің.
Үшкілдір арғы тегің қалмақ еді,
Желқомдап мініп келген жауыр көгін.
Үшкілдір - қалмақтың бір руы.
Үшкілдір арғы тегің қалмақ еді,
Қазақты о да жеңіп алмап еді.
Бәрі де қойдан қоңыр жуас болып,
Араға сенше бүлік салмап еді.
Тәуірбек, осы күнде күйлімісің,
Мырза менен Мамайға сыйлымысың?
Арқаңды алып соғып сылушы еді,
Жараң бітіп кетті ме, шилімісің?
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі