Қайта жанып – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Қайта жанып» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1409
Арманның жұлдызы қайта жанып,
Сырлар құйып сыбырлап айтады анық.
Ұмыт болған ойнақты от мінез-ай,
Тұғырына қоныпты қайта айналып.
Түн де маған құпия сыр ақтарып,
Көңіл шыңын көп ойлар жүр ақтарып.
Аспанның бір көзіндей ағып түскен,
Ғайып болды бір жұлдыз құлап қалып.
Сол жұлдыздай ағылып күн өтеді,
Көп арманды көңілге түнетеді.
Көз алдыңнан көлеңдеп өте шығар,
Кей жылдардың ұстатпай түпетегі.
Дей ме әлде мынау бір жасық адам,
Толқын атып арнада тасымаған.
Кей-кейде қоңыр үнді домбырамен,
Көңілдің көп шерін бір басып алам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайта жанып өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Қайта жанып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайта жанып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайта жанып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері