Еңбегің ұлан-асыр – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Еңбегің ұлан-асыр» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 964
(Махмұт Қасымбековке)

Уа, Маха, некен­-саяқ сендей адам,
Жерім жоқ шын жақсыдан жанды аяған.
Дос таптым, туыс таптым – тыныс таптым,
Қуанып керегемді кеңге жаям!
Бассам да ақындықтың өріне аяқ,
Жүруші ем нағыз досқа жарымай­ақ.
Біреуге таудай болып көрінгенмен,
Білгенге бақыт, шіркін, тарыдай­ақ.
Алысқа көп үңілген қарашығым,
Қазақтың қарапайым баласымын.
Не қайыр толып жатқан ағайыннан,
Көңілдің таба алмаса жарасымын.
Еңбегің ұлан­асыр халқыңа еткен,
Самалдай шарапатың желпіп өткен.
Ұяңнан ұша берсін шартарапқа,
Бақытты балапандар сен түлеткен!
Үлгісін Елбасының дәріптеген,
Тұлғаңның биіктігін танып келем.
Жазылар Тәуелсіздік тарихына,
Сенің де атың алтын әріппенен!
Өзіңді жолықтырды Тәңір маған,
Жақсыны жақындамай таныр ма адам?!
Өмірдің шуағына бөлене бер,
Аққудай айдын көлде мамырлаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еңбегің ұлан-асыр өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Еңбегің ұлан-асыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еңбегің ұлан-асыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еңбегің ұлан-асыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері