Сыр берме – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Сыр берме» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2428
Көрмегелі көп болып дала — қызды,
Көңіл бірдей желпініп алақызды.
Көздер бар ғой отырар төне түсіп,
Ұмытып ойнап жүрген балаңызды.
Жақсылыққа тосып бір алақанын,
Күтеді асығып бала таңын.
Талмаусырап күн ұзын шаршағаны,
Ұмыт болар шаршағанда балапанын.
Өзі емес, бала үшін сүреді өмір,
Ойың сонда жат мейлі, түрегеп жүр.
Кеудеңде құс боп қонған бақытыңды,
Ұқсатпа, бұлтқа жаным, түнеме бір.
Сыр берме, бақыт құшып жарысаң да,
Сыр берме, қажып қатты арысаң да.
Басқа емес балаң үшін шыдайсың ғой,
Су кешіп, жаныңа шоқ қарысаң да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері