Өлең, жыр, ақындар

Жан еді ғой аяулы

  • 07.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1768
(ақын Жұмағали Саинға арнаймын)

Мынау бұлттар неге ғана төнеді,
О, табиғат, күрсінесің сен неге.
Аспан да әне, жасын іркіп төгеді,
Өксу бар ғой деміккен бұл желде де.
Шуламайды орман, ол да тыныпты,
Дірілдейді жапырақтар жәй ғана.
Қызыл гүлге мөлтілдек шық тұныпты,
Мүлги қапты ішін тартып айнала.
Бара жатты бір күрсініп ай аунап,
Табиғат та өз жыршысын жоқтапты.
Өмірге ынтық жан еді ғой аяулы-ақ,
Асыл жүрек, ақын жүрек, тоқтапты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айнабұлақ

  • 0
  • 0

Бір бастау ағып жатыр сайға құлап,
Бұны жұрт атайды екен "Айнабұлақ".
Бұралған бұрымыңдай жас арудың
Самалмен ырғалады майда құрақ.

Толық

Көңілге біз қонақпыз

  • 0
  • 0

Бұл өмірге түстенген,
Жолаушымыз бәріміз.
Асты бірдей ішкенмен,
Бірдей емес арымыз

Толық

Түндер

  • 0
  • 0

Түндер, түндер,
Ұйықтаумен бос өтпеген,
Арманым көп ұмтылсам да жетпеген.
Ойсыздарды бұл өмірде жоқ дер ем,

Толық