Әпкеңді, бер де, Жезде де!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Пенде ме?
Бәрі, Пенде де.
Ақылмен, ойың, кембе не?
Ойнағың келсе, менімен,
Әпкеңді бер де, Жезде де!

Қалауы болса Құдайдың,
Әпкеңе мүмкін ұнаймын.
Жай ғана, осы сөзіммен,
Мен сені, інім, сынайын.

Ойнамас, бұрын ойланып,
Айтатын сөзді, ойға алып.
Санаңнан, өткіз, електеп,
Содан соң, жеткіз, ойды анық.

Осы бір сөзім, кеңес деп,
Көзіңе әлде елестеп.
Жанымда қандай, құр сүлде,
Тұрғандай, дерсің, елес кеп.

Жақсы сөз, айтса жақтырмай,
Дұрыс іс, саған, сәт қылғай.
Кіржініп тағы қоясың,
Жүзіңді маған бақтырмай.

Ағалық менің ақты үнім,
Назар сап, маған бақ күнім.
Қалжыңмен емес Қалжыңсыз,
Берілген, бізге,сәт бүгін.

Сондықтан інім қалжыңды,
Доғарғын, төзім таусылды.
Тамшыдай, болған, құр судан,
Бір АЛЛА, бізді бар қылды.

Күніңді құрмай қалжыңға,
Ісіңді жаса барғында.
Нәпақа табар орныңнан.
Жайғаста, қайта табжылма,

Еңбек ет, адал, арыңмен,
Қолыңда тұрған барыңмен.
Әкеңмен мына Анаңмен,
Бөліскін ,тағы үйдегі,
Отырған, жалғыз жарыңмен.

Шығарсың содан адам боп,
Алға да, басар ,қадам көп.
Бұрынғы, іске оралар,
Ендігі жерде, шамаң жоқ.

Үмітін, үйдің арқалап,
Сөзімді есте сақтабап.
Жүргейсің, жақсы, жан болып,
Қалжыңсыз, мына өмірге.
ЕНДЕШЕ, ІНІМ, МАРХАББАТ!


Пікірлер (1)

Бибінұр

Next бітіп кетті ғой, қазір оян болып жатыр

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әпкеңді, бер де, Жезде де! өлеңінің авторы кім?

Нурсултан Надиров — осы өлеңнің авторы.

Әпкеңді, бер де, Жезде де! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Әпкеңді, бер де, Жезде де! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нурсултан Надиров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әпкеңді, бер де, Жезде де! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.