Ұлылардың ұрпағы – Әділ Отарбай

Бұл бетте «Ұлылардың ұрпағы» атты Әділ Отарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көрінгенге үлеспей жүлдеңді ауыр,
Құқығыңды бұл күнде білген тəуір.
Шетелдіктер шетінен шіренеді,
Мазақ қылып өзіңе күлген бауыр.

Шіренеді өзгелер, шіренеді несіне,
Ілестім деп, марқая ма көшіме?
Қазақ мəңгі қалады ұлы болып,
Сақта мəңгі тарихыңды есіңе.

Біздер кімбіз, ұлы елдің ұрпағы,
Көрінген кеп, ұлылығын құртады.
Жылтыраққа ілесіп қыздарымыз,
Шетел асып қуанады ұл тағы.

Қазақпыз ғой, қанында қайсарлығы,
Өзімізде сана бар байқар мұны,
Тарихымыз үзіліп тамырынан,
Туды ма екен, пасықтық, сайқал күні.

Қазағымның киелі топырағы,
Тарихыңды ұрпағың оқыр əлі,
Біздің қазақ неліктен соқыр əлі,
Сүндеттегі сəбидей отырады.

Бабаларың бар еді батыр əні,
Көз жетеді тарихын оқып əлі,
Қыран құста қалықтап көкірегі,
Өр ерлігін ұлтының шақырады..

Шығады батыр əні, батыр əлі
Үзілгенмен бəйтерек жапырағы,
Қайта көктеп, жаңғырар көкірегі,
Ұлылардың ұраны жатыр əлі..


Пікірлер (2)

Модератор

Авторы өзіңіз болсыңыз - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар

Рахат

Қазақ басқа ұлттан еш жері артық емес, кем де емес. Барлық ұлттар бірдей. Мəңгі ұлы болып қалу үшін әлемге пайдалы нәрсе жасап қалдыру керек (ғылым, білім, кітап, жаңалық ашып...) Ал бүгін әлемді қояберші біз өзіміздің қазаққа да пайдамыз тиіп жатқан жоқ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлылардың ұрпағы өлеңінің авторы кім?

Әділ Отарбай — осы өлеңнің авторы.

Ұлылардың ұрпағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлылардың ұрпағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділ Отарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлылардың ұрпағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар