Өлең, жыр, ақындар

БІЗ –АНАМЫЗ

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Біздер-гүлміз,
Туған жердің төсінде ырғала өскен.
Біздер –нұрмыз,
Шаңыраққа шаттық боп шуақ төккен.
Біздер- күнбіз,
Мейірімге бөлеген бар әлемді,
Біз-самалмыз,
Майда леппен жаныңды есіп өпкен!

Біз-Арманбыз,
Азаматты іңкәр ғып ғашық қылған,
Біз-қорғанбыз,
Көрінетін айбыны асып қырдан!
Біз –орманбыз,
Қорғайтын дауылдан да, жауыннан да,
Біз-жүрекпіз,
Тамырыңнан қаныңды тасыттырған!
Біз-Әйелміз, Біз-Жармыз, Анамыз-Біз!
Бар бақытты осыдан табамыз біз!
Тізерлеткен билеуші Ақсақ Темірді де,
Ажалға ара тұрған Данамыз біз!
Жылу мен қуат толы алақаны,
Жұмақтың кілтін басқан табанымыз,
АНАМЫЗ БІЗ!


Пікірлер (3)

Акжан

next өтіп кетті ғой қазір оян ғой - oyan14 , oyan17 немесе oyan18 - осының біреуі

mendi

ммм, рахмет, Ақжан!

Жаннат

Тамаша өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

БІЗ –АНАМЫЗ өлеңінің авторы кім?

Меңдігүл Темірғалиева — осы өлеңнің авторы.

БІЗ –АНАМЫЗ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

БІЗ –АНАМЫЗ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Меңдігүл Темірғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

БІЗ –АНАМЫЗ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.