Мәңгілік тұрғын - Жер беті ! – Нурсултан Надиров

Бұл бетте «Мәңгілік тұрғын - Жер беті !» атты Нурсултан Надиров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аямас уақыт ,
Минутпен сағат ,
Ешкімді .
Әлемде жерде ,
Қартайып бүгін ,
Ескірді .
Тербеліп тұрып ,
Құрлықтың ішкі қабаты .
Сілкініп жатып ,
Жаңғырық даусы ,
Естілді !

Бәлкімде болар ,
Іштегі жатқан ,
Наласы .
Уақытқа салып ,
Адамдар бір сәт ,
Қарашы .
Кеудеге алып ,
Көтеріп тұрған біздерді .
Жер деген Ана ,
Ал біздер ,
Оның баласы !

Ойпаң мен қырат ,
Жазықты кескін ,
Келбеті .
Бесігі болып ,
Әлемнің бәрін ,
Тербеді .
Өзіңе енді ,
Жаратқан ием , жар болып .
Тыныштық орнап ,
Мәңгілік тұрғын ,
Жер беті !

Кеңдігін көріп ,
Пейілін біліп ,
Аңғардым .
Әжейдей бізді ,
Арқалап жүрсің,
Талмадың .
Шырағы сөніп ,
Өмірі біткен адамды .
Бауырға басып ,
Жатсынбай күліп ,
Қарсы алдың .
Осындай сенің ,
Тектілігіңді көргенде .
Басымды иіп ,
Қара жер саған ,
Таң қалдым !

Авторы: Надиров Н .


Пікірлер (1)

Айғаным

ілмектер үтір арқылы жазылады)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мәңгілік тұрғын - Жер беті ! өлеңінің авторы кім?

Нурсултан Надиров — осы өлеңнің авторы.

Мәңгілік тұрғын - Жер беті ! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мәңгілік тұрғын - Жер беті ! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нурсултан Надиров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мәңгілік тұрғын - Жер беті ! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар