Қара қыз

Бұл бетте «Қара қыз» атты Nurbek9523 жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Безендірген түнгі аспанды жұздыз ай,
Тынық жұмсақ , шырайланды күзгі рай.
Пәк сезімнен ұялып жүріп бетпе - бет,
Алғашқы рет ұшырастық біз бұлай.

Ұялыда алмастырып жиі арман,
Құрастырдық бақыт бағын қиялдан.
Махаббаттың шапағына өртеніп,
Қандай жақсы бет қызарып ұялған.

Сезім еніп шымырлатып "тағы алып"
Жүрегімде ірі дүрсіл жаралып.
Қара жерге жабысып қос табаным,
Көз алмадым дидарыңнан қадалып.

Шырмалды , бір сиқырға сана дөп,
Көңілімде ашылды кең жаңа көк.
Көмкерген мақпал түнді үнсіздік,
Бірдеме деп айтуға да шама жоқ...

Үмітімнің жігер отын бір үрлеп,
Қоңыр үнім түнгі ауамен гүрілдеп.
Әр сөйлемнің бас әріпін бір шалып,
Сөз бастадым қызыл ернім дірілдеп.

Сүйемелдеп нәзік үнің жалғасты,
Аршылғандай жаңа гүлің алғашқы.
Шертілгендей домбыраның қос ішегі,
Өзіне тән үйлесім сөз алмасты.

Түнгі аспанда әсем жұлдыз асылып,
Келбетінен күміс нұры шашылып.
Боз баламен ерке сұлу жарасып,
Ынтық жүрек кетті еркін ашылып.

Ұзын көше , қуаласып ай қашқан,
Басталды осы сәттен жәй дастан.
Қамсыз күйде ерке күліп жанарың,
Жүрек албырт ұясына жайғасқан.

Көмейіме өз сөзімді жүк күліп,
Сенімімді сезімме жықтырып.
Өз - өзіммен алыстырған махаббат,
Осы сұлу мені жүрген күттіріп.

Қанша түнде түмен оймен мұң құштым,
Сағынышпен арпалысып қырқыстым.
Бір мезетте шыдай алмай ынтығып,
Құшағыма сені қатты бір қыстым.

Өн бойымнан тайғанады сыз анық,
Көк жиекке шалқайды ай ұзарып.
Құшағымда алауладың сүйіктім,
Ұялып қатты күлімдедің қызарып.

Кеуде кернеп пәк сезімнің толғағы,
Сені құшқан маңдайымның зор бағы.
Дәл сол түні , мына жалған өмірде,
Менен артық бақытты жан болмады.

Қауыштырды құшағында қара күз,
Қосарланып жол бастадық жаңа біз.
Қошқыл түнге көрік берген көктемім,
Жүрегімде мәңгі қалған "Қара қыз"

Авторы: Нұрбек Бекұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара қыз өлеңінің авторы кім?

Nurbek9523 — осы өлеңнің авторы.

Қара қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Nurbek9523 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер