Жемқорлыққа қарсымыз – Бақыт Ұланбек Бақытұлы

Бұл бетте «Жемқорлыққа қарсымыз» атты Бақыт Ұланбек Бақытұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жемқорлыққа жастар түгел қарсымыз
Тамырымен түгел жою шартымыз
Дәл қазірден күреспесек бұл дертпен
Болып шығар алдың жалын артың құз

Пара беріп пара алған сыбайлас
Атам қазақ бұндай іске болған қас
Сыбайластық жайласа егер жерімді
Ешқашан да жақсылыққа бастамас

Ойлан жастар келешекті ойлаған
Жемқорлықпен ұлы зұлмат орнаған
Болашақтың қамы үшін бірігіп
Күресейік бір кісідей бар қоғам

Жемқорлыққа біз бәріміз қарсымыз
Ұнатпайды арам істі халқымыз
Түбі жеңіс біздікі деп сенемін
Қарсы тұрсақ бүкіл ел боп жалпымыз


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері