Жақсы екен
Бұл бетте «Жақсы екен» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құм жолы асфальт емес қой
Кездеседі дөңес, ой,—
Мінгеніміз сұр газик,
Тоқтауды ол білместей,
Заулайды көз ілеспей,
Дөңгелегі құм қағып.
Ал, газиксіз, жай жүріп,
Жазсақ өлең ел көріп,
Демессің жыр тапшы екен.
Үйкүшік боп қалада
Отыра бермей, арада
Өмірмен өзің далада
Кездескенің жақсы екен.
1957
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі