СӘЛЕМ – Меңдігүл Темірғалиева

Бұл бетте «СӘЛЕМ» атты Меңдігүл Темірғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сәлем –сөздің анасы,
Ұғын, қазақ баласы!
Бір ауыз сөз сәлеммен,
Нұрлы сауап аласың!

Таң атқанда Әлемге,
«Армысың!» де, «Сәлем!»де.
Амандасу-парызың,
Жауап қайтар сәлемге!

Үлкен мейлі кіші ме,
Қарама, түр-түсіне!
Сәлемде үлкен мән бар ғой,
Біле білген кісіге...

Ел қылатын бар елді,
«Сәлем!» сөзі кәделі.
Түзелсін десең Әлемді-
Түзе әуелі сәлемді....

Мына бес күн жалғанда,
Сыйласайық, күлейік,
Мейлі, таны, таныма,
Амандасып жүрейік!


Пікірлер (3)

Турсынай

Салемдесу болса жиберинизши медиктер кунине конкурска отинем

Бибігүл

Өлеңдеріңіз көкейге қонымды,мәні терең,тілге оралымды.

Парасат

«Сәлем» — жүректі жылытып, күні бойы жақсы көңіл сыйлайтын өлең. Бұл шығармада сәлем сөзінің адам өміріндегі мәні мен әсері өте әдемі, мәнді стилмен жеткізілген.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

СӘЛЕМ өлеңінің авторы кім?

Меңдігүл Темірғалиева — осы өлеңнің авторы.

СӘЛЕМ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

СӘЛЕМ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Меңдігүл Темірғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

СӘЛЕМ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар