Туған жер – Жанерке Есеналиева

Бұл бетте «Туған жер» атты Жанерке Есеналиева жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өзіңде өсіп,бойжеттім мен, туған жер
Аунап өсіп,кірім сенде жуған жер.
Туған жерім сарқылмайтын бақытым
Көркейе бер, жайна мəңгі,туған ел!
Өтті сенде қайтып келмес күндерім,
Есте қалар жайқалған əсем гүлдерің.
Тұғырыңда биік тұрып сүйсінер,
Бар адамға естілер сенің үндерің.
Өзіңдей тату-тəтті жер көрмедім,
Туған жерім, сен үшін деп тер төгемін.
Өзің ғана дауа болдың жаныма,
Ғажабыңды əлі талай көрермін.
Көз тігеді бар əлем саған əлі,
Шарықтайды əнұран боп асқақ əні.
Танымал, ғажап жер болып жарқырайды
Одан сайын кіреді оның əрі.
Туған жерім еш елден қалыспайды,
Қыран құсы көк аспанда қалықтайды.
Қиындыққа шыдамдылық танытып,
Озық ел екенімізді растайды.
Туған жерім сен ғана - Қазақстан,
Көркіңе көз тоймайды ғажапстан.
Көркейесің, əлі алда болашағың
Жаралғансың мен үшін асыл тастан!


Пікірлер (4)

abubakirova04

Өлең қатты ұнады.Мазмұны ұйқасы жақсы

Mahash

Мазмұны жақсы екен

nurhat03

Өлең тамаша

Елназ

Мына такпактын аты мен шын авторы кым?

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жер өлеңінің авторы кім?

Жанерке Есеналиева — осы өлеңнің авторы.

Туған жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар