ҰМТЫЛЫС БАР

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Жатқызбайды кеудемде бұлқыныстар,
Бұлқыныстар –өмірге құлшыныстар.
Қарауытқан тұманмен жағаласам,
Үміт оты сөнбеген ұмтылыс бар.

Маужыратып, ада қып құлшыныстан,
Қараңғыны ап келді «түнгі мыстан».
Кешір мені ,тылсым түн ,ұйықтамаймын,
Күнім туып келеді Күншығыстан.

Күнді сүйем, күн менің–Болашағым,
Қуат алам күнімнен жол ашамын...
Үкілі үміт үрлейді ұмтылысқа,
Тарттырады қиынды жол азабын.
Қажымайтын құлшыныс керек маған,
Шақырады құл бұлғап Болашағым!

Өліктейсің тірідей ұйықтағанда,
Құлшынысым тоқтама «соттағанға».
Құлап түспей ұмтылыс тоқтаған ба?,
Мәңгілік мекеніңде тынығарсың,
Қан-жүрек соқпағанда ...


Пікірлер (3)

Модератор

Сайыс шарттарының бірі: Ақындар порталға тіркеліп, өлең-жырларын енгізулері керек. Яғни өзі тіркеліп, өзінің атынан жариялауы керек. Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.

шәкен айжан

ҚАЛАЙ ТІРКЕЛЕМІН

шәкен айжан

БАСҚАДА БАЙҚАУЛАР БАР МА

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

ҰМТЫЛЫС БАР өлеңінің авторы кім?

Жеткеншек Меңдіғалиұлы — осы өлеңнің авторы.

ҰМТЫЛЫС БАР өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

ҰМТЫЛЫС БАР өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жеткеншек Меңдіғалиұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

ҰМТЫЛЫС БАР өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.