Оян – Erkenaz Serikovna

Бұл бетте «Оян» атты Erkenaz Serikovna жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Осы бір шақта маужырама қазағым,
Орындалсын десең Еліңнің асыл арманы.
Дамыған отыз елдің қатарында,
Болсын десең туған жерің,Отаның.

Қатыгездікті қуып шық жүрегіңнен,
Оятқын мейірімділікті шын ниетпен.
Сыйласаң өзгегің жүзіне күлкі,
Қайтады жақсылық боп бұл өмірден.

"Парыз" деген ұғымды оят санаңда,
Жамандық қылма ешқашан ата-анаңа.
Олай етпесең,онда маған жауап берші,
Қарттар үйі неге көптеп салынуда.

Ойламаңдар,аспанға ұшып,көп қиял,
Мұның өзі біле білсең ,тым зиян.
Өміріңді толтырғың келсе шаттыққа,
Дəл қазір ойлан,уақытында сен ОЯН!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оян өлеңінің авторы кім?

Erkenaz Serikovna — осы өлеңнің авторы.

Оян өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оян өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Erkenaz Serikovna өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оян өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар