Азаттықтың алауы – Құдайберген Жұматай

Бұл бетте «Азаттықтың алауы» атты Құдайберген Жұматай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сексен алты отты жалын лаулаған,
Жастар шықты қан майданға таймаған,
Тайсалмастан барған сондай ерлікке,
Сол жастардың жігеріне таңғалам.
Жазаландың, абақтыға қамалдың,
Қаның ағып, былғанды пәк таза арың.
Бірақ, бірақ сол тарихтың парағын,
«Ерлік» деген ұлы сөзбен жаза алдың.
Қиылса да қыршын өмір, жастығың,
Дәлелдедің сұм өмірдің ластығын.
Төбешік боп мүрдең семіп қалса да,
Қуанышпен аймалайды тәтті күн.
Ерлік, сенім бостандыққа ұмтылған,
Елі үшін құрбан болып қыршын жан.
Естеріңде жүрсін осы жас ұрпақ,
Міне, солай тәуелсіздік күн туған.


Пікірлер (1)

Нурхаят

Қазір нағыз ер адамдар бар ма екен? Барлығы қорқақ болып қалған ба?

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Азаттықтың алауы өлеңінің авторы кім?

Құдайберген Жұматай — осы өлеңнің авторы.

Азаттықтың алауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Азаттықтың алауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құдайберген Жұматай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Азаттықтың алауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар