Азаттықтың алауы
Сексен алты отты жалын лаулаған,
Жастар шықты қан майданға таймаған.
Тайсалмастан барған сондай ерлікке,
Сол жастардың жігеріне таңғалам.
Құдайберген Жұматай жариялаған өлеңдер осы бетте берілген.
Сексен алты отты жалын лаулаған,
Жастар шықты қан майданға таймаған.
Тайсалмастан барған сондай ерлікке,
Сол жастардың жігеріне таңғалам.
Тілім менің еліміздің тағдыры,
Мәңгі сөнбес тәуелсіздік ән-жыры.
Құнымызды жоғалтқысы келмесе,
Ана тілді қадірлесін барлығы.
Қайдасың сағындырған махаббатым
Мөлдіреп төккен нұрлы шапағатын?!
Мен сені іздеп жүрмін бау-бақшадан
Ғашықтар мекені деп аталатын.
Тербеткен туған жерді жырыменен,
Мен сізді білмеппін ғой шыныменен
Ойдан шың, от сезімнен тау тұрғызған.
Мың жылда бір-ақ туар ұлы дер ем.
Ақын деген тұңғыйықтың тереңі,
Ақын деген адамзаттың керегі.
Ақын деген бар шындықты пенденің,
Қысылмастан бетіне айтып береді.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі