Қарғалым менің – Сағи Әбілхасенұлы

Бұл бетте «Қарғалым менің» атты Сағи Әбілхасенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қайран менің Қарғалым,
Құлазыпты жан-жағың.
Жайлауыңа сән берген,
Қайда кеткен малдарың.

Баурайыңды шарладым,
Жағдайыңды аңғардым.
Келбетіңе сән берген,
Сирепті жиде, талдарың.

Көп еді ғой жандарың,
Кеміген бе сандарың.
Шежіре айтар өткеннен,
Көрінбейді шалдарың.

Өшкені ме жанғаның,
Жарықтың тарттың зардабын.
«Ильич Нұры» атаған,
Қайда электр шамдарың.

Ойлайтын жоқ па, жұрт қамын,
Көрінеді жұтап тұрғаның.
Тас-талқаны шығыпты,
Дертке шипа суларың.

Өтірік деме осыным,
Бос қалыпты Тосының.
Қоныс біткен құлыпты,
Орынын көріп шошыдым.

Жер жаннаты-Қарғалым,
Жақсарар алда халдарың.
Салың суға кетпесін,
Қаппағандай қармағың.

Біткенде інжу-маржаның,
Қазбалап қайтем әржағын.
Жоқтан барды жасаған,
Қайырымы тисін Алланың.

Туған жерім-Қарғалым,
Өзіңе жыр арнадым.
Заман тыныш, көңіл шат.
Болса екен бар арманым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарғалым менің өлеңінің авторы кім?

Сағи Әбілхасенұлы — осы өлеңнің авторы.

Қарғалым менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарғалым менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Әбілхасенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарғалым менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері