Қарындастың тілегі – toktarkanovadana

Бұл бетте «Қарындастың тілегі» атты toktarkanovadana жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бізде бүгін қуаныш,бізде бүгін тойдағы,
Мендегі қыз көңілге шаттық келіп жайлады.
Жан ағам,сендегі бар баққыттың ақ нөсер боп төгерін,
Сезе алды жырға лайық қарындастық әлемім.

Сондықтан да жүрегім шалқып айтты бір әнді,
Мына менің жан дүнием жанарыңды ұға алды..
Ағатайым,аласұрмас Алатаудай кеудеңнен
Мәңгілікке қиындыққа қайыспайтын үлгі алдым.

Дей алмаймын өзіңді көпшіліктің бірісің,
Көз алдымда ағажан беделдісің,ірісің.
Сен мендегі нәзіктікке толы ғаламға,
Жанұяңның қорған болар ұжданды ұлысың.

Бүгін сенде бақытты күн,сәтті күн,
Ғұмырыңда бал татыған тәтті күн.
Қуанышы мен толқынысы қатар кеп,
Мен үшін де қобалжитын сәт бүгін.

Жеңгетайым,қыз дәуренмен қоштасып, ақ босаға аттадың
Ағамменен қол ұстасып,ашылсыншы бақтарың.
Айдын көлдің аққуындай жазылмасын жұптарың,
Бір-біріңе сезіміңді сөндірмегін,құртпағын.

Жалғап міне,екі елдің арасын,
Өз халқыңның ақ тілегін аласың.
Батаменен ел көгерер дейді ғой,
Қабыл алғай қарттарымның батасын.

Төрлеріңнен естілсінші сәбидің шат күлкісі,
Шаңырағың шайқалмай,қонақтасын бақ құсы.
Аман болсын жақындарым,Әкем-Анам қос тірегім,
Аға-жеңге осы менің сіздерге айтар тілегім.


Пікірлер (7)

Лаура Сулейменова

Дана өлеңдері керемет екен. Саған шығармашылық табыс тілеймін. Өнерің биікке өрлей берсін!!!

Акжурек

Олен оте керемет жазылган. Болашагынан зор умит куттиретин жастардын бири екенсин! Жолын аркашан ашык болсын. Шыгармашылыгынды токтатпай, шабытынды кернеп осындай олендерды шыгара бер. Окырмандарын коп болсын!!!

toktarkanovad

Рахмет сіздерге????????????

Schunusovkairat

Керемет əн жолдары. Енді бір жас талапкер əнін жазса жақсы болар еді.

Анар

Дана өлеңдерің өте әсерлі. Қарындастың таза, шын жүректен шыққан ағаға лебізі. Шығармашылығыңды, шабытыңды тасытып осындай өлеңдеріңді шыңдай бер.Өнерің биікке өрлей берсін!!!

Жанар

Қарындастың ағасына тілеген керемет тілектері ,шабытың шыңдай берсін,Дана!

toktarkanovad

Әмин.Рахмет барлықтарыңызға!!!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарындастың тілегі өлеңінің авторы кім?

toktarkanovadana — осы өлеңнің авторы.

Қарындастың тілегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарындастың тілегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде toktarkanovadana өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарындастың тілегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар