Жан аға – Гүлсана Тілеубекова

Бұл бетте «Жан аға» атты Гүлсана Тілеубекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сезімімнен шық тамса,
Жүрек сырын ақтарып.
Шуақ шашқан ақ таңда,
Тұрам кейде шаттанып.

Ғарыштармен теңгерген,
Ізгілік бір нұрлы ұғым.
Адамдардан мен көрген,
Биік сенің жұлдызың.

Сағынамын көрмесем,
Ағаны аңсар жүрегім.
Сыйлы болсаң елге сен,
Шалғайда шат жүремін.

Жол сілтеген жастарға,
Асыл туған ағасың.
50-деген асқардан,
Асып бүгін барасың.

Соқсын Ұлы жүректер,
Алдырмасын күз бейне.
Орындалса тілектер,
Жүздесерсің жүзбен де.


Пікірлер (3)

Арипбаева Ләззат

Гүлсана өлеңің керемет, шабытың шыңдала түссін. Саған шығармашылық табыс тілеймін.

ұлжан

Өлең шумақтарыңыз керемет маған ұнады

Сәуле Базарова

Гүлсана өлеңіңіз өте керемет жазылған.Сізге шығармашылық табыс тілеймін!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан аға өлеңінің авторы кім?

Гүлсана Тілеубекова — осы өлеңнің авторы.

Жан аға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жан аға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлсана Тілеубекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан аға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері