Көлің қайда, туған елім? – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Көлің қайда, туған елім?» атты Мұқағали Мақатаев жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.04.2015
  • 1
  • 11
  • 31472
Көлің қайда, туған елім?
Шабақ болам титтей.
Белің қайда, туған елім?
Ойнақтайтын киіктей.
Далаң қайда, туған елім?
Жатайын да ойлайын.
Бабам қайда, туған елім?
Сақалымен ойнайын.
Шөлің қайда, туған елім?
Шөліркейін, аңсайын.
Құлазыған құмдарыңда,
Ғұмырымды таусайын.
Көгің қайда, туған елім?
Желігейін, қалқиын.
Желің қайда, туған елім?
Желпінейін, шалқиын.
\"Тауың қайда, туған елім?
Табынайын, ардақтай,
Жауың бар ма, туған елім?
Атылайын садақтай.


Пікірлер (11)

Алтынай Бурбекова

Керемет

Айгүл

Керемет алтын сөздер!

аяжан

Керемет өлеңдер

Диана

Керемет

Алмас

Керемет өлең

Алтынай

Керемет екен

Алтынай

Өлең жаман, авторыда жаман????

Жақсы керемет

Жақсы керемет

@

Керемет

Ақілес

Өте керекмет

@жоқ

Жаман екен дұрыстап мағыналы қылып жазбай ма? маған ұнамады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көлің қайда, туған елім? өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Көлің қайда, туған елім? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көлің қайда, туған елім? өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көлің қайда, туған елім? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері