Ор, ор қоян, ор қоян
- 0
- 2
Ор, ор қоян, ор қоян,
Ор қоян атлы бір қоян,
Он екі көжек атасы -
Қаудырқұлақ шал қоян
Бұл бетте «Сырт айналдым, көп адамнан расымен» атты Жанелья Торалы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ор, ор қоян, ор қоян,
Ор қоян атлы бір қоян,
Он екі көжек атасы -
Қаудырқұлақ шал қоян
Шағырмақ бұлт жай тастар,
Ағытқан қойды жол бастар,
Ақ желкенді жел бастар,
Ғадыл төре ел бастар,
Көктеп мінген еріңнің
Астында көп жүгірер күлік бар,
Көн садақтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар.
Күпшек санды тіл жалмаған күренді
Тілеген достан аяман!
Тілекті бірге тілеген
Малымды достан аяман
Жапырағы жасыл жаутерек
Жайқалмағы желден-дүр,
Шалулығы белден-дүр,
Төренің кежігуі елден-дүр,
Ағынды сулар, аймақ көл,
Тасыса, төңбек келтірер.
Дұспанға белінді шешіп инанба,
Инантып тұрып өлтірер.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі