Парыз

Бұл бетте «Парыз» атты Сая Оспан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тілім менің бар қазынам, байлығым,
Баға жетпес мәңгі бақи айбыным,
Қастерлеген барша жұртың, қазағың,
Мәрмәр тілім, туған тілім - айдыным.

Өткір тіл, өзекті ой дара тілім.
Ата-бабам пір тұтқан дана тілім.
Сүйіп өтіп ана тілін бабамның,
Қастерлейік алашымның даралығын.

Сығындысы, лүпілі де жүректің,
Туған тілім, айбынысың білектің.
Қор қылмаймын өзгелердей өзімді,
Құдіретін білмей өткен тілінің.

Жүрегімді қайнатады от үрлей,
Тіл парызы неге жатыр өтелмей.
Тілеккенұр, жүрекке жыр сыйлаған
Ел болмаспыз тілімізді көтермей.

Тілімізді сақтайықшы жоғалтпай,
Жүректегі ұлы парыз болаттай.
Ата-бабам ар-намысын сақтаған,
Сөзбен жеңген, дұшпанына оқ атпай.

Мақсатым бар тіл дегенде көздеген,
Әділет пе бұл шындықты сезбеген?!
Жыл өрнегі,сөз маржанын халқымның,
Асқақтатам мәртебесін өзгеден.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Парыз өлеңінің авторы кім?

Сая Оспан — осы өлеңнің авторы.

Парыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Парыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сая Оспан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Парыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер