Адамды адам еткен - еңбек

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

"Адамды адам еткен -еңбек" дейді,
Данагөйдің бұл сөзіне кім сенбейді?!
Шын мәнінде , зер салып түсінгенге,
Еңбек қана адамды алға жетелейді.

Еңбекқордың жұлдызы жанар күнде
Табысына қосылар табыс күнде.
Еңбегінің зейнетін ғана көріп,
Шалқып-тасып жүрер ол бұл өмірде.

Еңбек қана құтқарады жоқшылықтан,
Еңбек қана жеткізеді тоқшылыққа.
Берекесін келтіріп үй ішінің,
Еңбек қана кенелтеді молшылыққа.

Еңбек қана адамды ширатады,
Жалқаулықтың қамалын қиратады.
Абыройың асқақтап ел ішінде,
Өзгелерге өзіңді сыйлатады.


Пікірлер (2)

Серікбай Айым

Маған көмектесті

Сания

Мына өлеңді қандай ақын жазған?

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамды адам еткен - еңбек өлеңінің авторы кім?

Диана Асылхан — осы өлеңнің авторы.

Адамды адам еткен - еңбек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Адамды адам еткен - еңбек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Диана Асылхан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адамды адам еткен - еңбек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.