Болсам да өтіп кеткен жылдарға алаң –
Жүрсін Ерман
Бұл бетте «Болсам да өтіп кеткен жылдарға алаң» атты Жүрсін Ерман жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Болсам да өтіп кеткен жылдарға алаң,
Мезгілдің сыйқырына күнде арбалам.
Біз сені баяғыдан танимыз деп
Береді күнде сәлем мыңдар маған.
Тағдырым, уақыттан оза алдың ба,
Білемін құтқармасын ажалдың да.
Көк айна , сен арқылы бар өмірім
Өтіпті қазағымның көз алдында.
Жазарсың, жазбассыңдар құлыптасқа,
Мендегі арман басқа, үміт басқа.
Қазақтың құлағына құйып жүрмін
Жүрсін Ерман атымды ұмытпасқа.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі