Суретшілер – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Суретшілер» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 750
Ұлым менің өнер сүйген
Үйреніп жүр сурет салып,
Көк тоғайға сол ертеңмен
Көз тігеді ылғи барып.
Жасыл орман қандай сұлу, –
Күн шыққанда құлпырады,
Сол орманды жанмен сүю
Қалпында ұлан отырады...
Тоты тоғай алабыңды
Жуып жаңбыр өтті өткінші...
– Ал, қолыңа қаламыңды! –
Дейді оған қарт суретші!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері