Көп болды, компьютерге отырмадым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 940
Көп болды, компьютерге отырмадым,
Өлеңнен кесте болып тоқылмадым.
Балдардың нәпақасын айырам деп
Ертелі-кеш әрнені қоқымдадым.
Алғанда асау тағдыр тақымға ұлын,
Ісін де істей алмай ақылдының.
Кітабын көрінгеннің жазып кеттім,
Есімнен шығып кетіп ақындығым.
Шөпке тышар ұлықты жағаладым,
Күнім үшін байларды ағаладым.
Бала-шаға өскен соң амал қайсы,
Сүйегін мүжіп жүрмін садағаның.
Күнім де күн болмапты сырғанаған,
Беймәлім Бетпақтамын құм бораған.
Қоғамды ақша билеп тұрған шақта
Ақынның жағдайына кім қараған?
Қала кезген кәдімгі дуанамын,
Құр қиялды далақтап қуаладым.
Даладан келгенімде өлең емес
Нан тауып келгеніме қуанамын.
Үйім де, Отаным да өлең еді,
Мен едім жыр аулының Төлегені.
Маңырай-маңырай бүгінде жетім қалды
Көкке жетпей көңілдің көбегені.

Шілде, 2008 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көп болды, компьютерге отырмадым өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Көп болды, компьютерге отырмадым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көп болды, компьютерге отырмадым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көп болды, компьютерге отырмадым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері